Бұл бетте «Жайық жағалаулары» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жайқалып жатыр, Жайықтың жасыл
жағалаулары,
Жалтылдап ұшқан, бұлттарды құшқан
шағала–ау бәрі.
Атпашы, мерген, жалынам саған,
жазықсыз құстың
Жер — анаға тамады–ау қаны.
Жайқалып жатыр, Жайықтың орман
атыраулары,
Жүзіп бір өткен жігіттер анау —
батыл–ау жаны.
Жалданып аққан, жалтылдап жатқан
толқындар қандай,
Сол ма еді әлде ақын арманы.
Сыбырлап жатыр, Жайықтың күміс
толқындары,
Жағаңа келдім, жанымды сырға
толтырғалы.
Жалбырай қалып жапырақ —шашы,
ару қайыңның,
Су кешті аппақ балтырлары.
Жайқалып жатыр Жайықтың жасыл
жағалаулары,
Жалтылдап ұшқан, бұлттарды құшқан
шағала–ау бәрі.
Атпашы, мерген, жалынам саған,
жазықсыз құстың
Жер — анаға тамады–ау қаны...
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі