Ағам бар менің
Бұл бетте «Ағам бар менің» атты Светқали Нұржан жазған бауыр туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.
Ағам бар менің –
Мансапқұл деген,
Ортақтарың жоқ,
Тек менің ағам!
Миллиард шақырым алшақ тұр менен,
Жақындар едім, Өткелім - аран.
Атаққа, сұмдық, балаша құмар,
Діндар бола қап, ғалым бола сап,
Оның да, әрине, болашағы бар,
Оныкі, бірақ, залым болашақ.
Пай, пай!
Сен оны мінбеден көрсең,
Тұрғанын "Ел!"-деп қақырап көйлек.
Ойлап қалар ең: "Күндеген өңшең,
Басқа қазақтар ақымақ қой!"-деп.
Орындайды, рас, енді міндетін,
Қолдан іс келмес тірі өлік деп пе ең?!
Көп жалап бірақ шендінің көтін,
Ұятсыздыққа тілі өліп кеткен.
Құдайы - әкім, тұмсығы түкті,
Кетпесе болды мансабы құрып.
Қисаймас еді қылшығы, тіпті,
Он миллион ұлты қалса қырылып!
"Жоқ жігіт қой бұл "енді былайы",
Көп істі жүр деп,- тындырып әрі"
Өзінен де өткен сорлы "құдайы",
Біраз елге оны үлгі қылады.
Қалтаға сиған көз жетер жері,
Бекітіп алған "тақырыптарын".
Есептейді "ит" деп өзге пендені,
"Жүрмін,-деп ойлап, - қатырып бәрін!.."
Қу құлқын үшін өлуіне бейім,
Антына адал бір бағытталған.
Жөргектен бастап кебініне дейін,
Бүкіл лыпасы - былғанып қалған.
Мен - одан кейін өледі екенмін,
Кетпесе ертіп таспаран жол кеп.
Ақырет күні не дер екенмін,
Сұраған шақта:
"Жақсы адам ба - ол?" - деп?
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Әл – Фараби
- Төлепбек Жантай
- Есбол Бозан
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі