Маған көп керек емес – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Маған көп керек емес» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2364
Маған көп керек емес,
Өйткені, қарным шелек емес:
Көп болса, 200 грамм ет жеймін,
Одан артықты керек етпеймін.
Демеймін қыра ішемін,
Көп болса, екі литр сыра ішімін.
Маған көп керек емес,
Өйткені, денем де ерен емес:
Екі метр мата кәстөмге жетеді,
Одан артық болса, қолбырап кетеді.
Маған көп керек емес,
Кең сарайдай кереге емес,
Отырып жұмыс істелетін,
Жайлы жатып, түс көретін
Шағын бөлме де болып жатыр,
Соған да көңілім толып жатыр.
Маған көп керек емес,
Өйткені, бойым терек емес:
Демеймін, дүниені жиып кетем,
Өлсем, екі-ақ метр жерге сиып кетем.
Ақыры бір күн өлемін,
Өлген соң не қызық көремін?
Ол дүниеге алданба,
Бар қызық осы жалғанда.
Бірақ, маған көп керек емес,
Көп сұрағанмен бере бермес.
Екі адамға ақылым жетеді,
Тегі, екі әйел алсам не етеді?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Маған көп керек емес өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Маған көп керек емес өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Маған көп керек емес өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Маған көп керек емес өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері