Бала қылық

Бұл бетте «Бала қылық» атты Светқали Нұржан жазған бала туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 14.06.2019
  • 0
  • 0
  • 3329
Балалықтың елесі, үзігі — жыр,
Бала қылық бұл күнде бұзылып жүр.
Ізін уақыт жаныма салғанменен,
Асық атқан кездердің қызығы жүр!..
Айырмастан ерліктің ақ-қарасын,
Күшті боп та ініге мақтанасың.
Өзің айтқан "ертекке" өзің мәз боп,
Асынуға бес қару шақ қаласың...
Асқақ ханға ұқсадық аста ат барда,
Көбең көңіл балалық бас баққан ба!
Маңдайымды жарушы ем темірге ұрып,
Бақайымның басынан тас қаққанда.
Еһ, балалық!
Ол да бір арман алыс —
Өмір деген тартты ғой тарлан ағыс.
Ықты-жарға қарамай шапқылаушы ек,
Тірлігіміз бүгінде жорға жарыс...
Уақыттың кеудеде қыжылы жүр,
Бала қылық бұл күнде бұзылып жүр.
Әйткенменен жанымда асыр салып,
Шыбық мінген кездердің қызығы жүр!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бала қылық өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Бала қылық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бала қылық өлеңі не туралы?

Бұл шығарма бала туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Бала қылық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері