Оян – Дина Нурпейсова

Бұл бетте «Оян» атты Дина Нурпейсова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Отан ана берді бақыт шынында,
Бар құндылық мына сенің қолыңда.
Ата-анаң,бауырларың-отбасың,
Сеніменен бірге шығар тұғырға.

Шығу үшін биік-биік тұғырға,
Керек бізге ақыл,қайрат,ғылым да.
Осыларды тең ұстаған еңбекпен,
Арманына жетер мынау ғұмырда.

Түк ісі жоқ,құмар емес білімге,
Адамдар көп мақсаты жоқ бүгінде.
Өзгелерге жол көрсетпек түгілі,
Тіршілікте əрең көрер күнін де...

Ойланшы,досым,еңбек етші,жеңілме!
"Өмір күрес",өзіңмен күрес көңілде.
Жақсыны жиып,қазығын қақсаң сеніммен,
Алынбас саған қамал болмайды өмірде!

***Ел ертеңі,жастар,біздің қолымызда,
Күш-жігер,сенім болсын бойымызда.
Қарсы тұра білейік əрқашан да,
Кедергіге кездескен жолымызда!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Оян өлеңінің авторы кім?

Дина Нурпейсова — осы өлеңнің авторы.

Оян өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Оян өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дина Нурпейсова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Оян өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар