Ауырған келіншек – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Ауырған келіншек» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1315
Күйеуі келді досымен,
Келіншегі тұрмады.
Танғандай боп есінен,
Ыңырынып тынбады.
Өтірік ауырып қасқайтты,
Келген қонақ аш қайтты.
Күйеуі айтты келер күн:
«Болыңдар деген қонағым,
Досыма енді не дермін?
Ауырып қалдың, қарағым,
Қалайша жалғыз барамын?»
«Қысылды, – деп, – қос өкпем», –
Көрпесін серпіп тастады.
Содан соң тұрып төсектен,
Әйелі киіне бастады:
«Ауырды деп шошынба,
Қалайша сенен қалармын?
Бірер сағат досыңда
Меймандыққа жарармын».
Болған кезде киініп,
Сәнін түзеп көркем бой,
Күйеуі деді жымиып:
«Шақырғаны ертең ғой».
«Мазақ қылып сен текке,
Ауыртпайсың жөндеп те», –
Деп келіншек бұрқ етіп,
Отыра кетті сылқ етіп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ауырған келіншек өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Ауырған келіншек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ауырған келіншек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ауырған келіншек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері