Көзіңнен айналайын – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Көзіңнен айналайын» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 1
  • 56205
Әнін жазған Алтынбек Қоразбаев

Көргеннен алғаш сені күнім деп ем,
Шортандай шоршып қашып, ілінбеп ең.
Келемін содан бері өзіңді ойлап,
Көзіңнен айналайын күлімдеген.
Жүректі жарып шыққан сен бір өлең,
Өзің деп жазып келем өндіре мен.
Жүзімнің таза піскен мойылындай,
Көзіңнен айналайын мөлдіреген.
Көргенде арулардың арасынан,
Жаным бір жай таба алмай аласұрам.
Жайлауда жаутандаған қарақаттай,
Көзіңнің айналайын қарасынан.
Көргенде нұр жүзіңді балқыдым-ай,
Шалқарда шағаладай шалқыдым-ай.
Теңіздей толқып жатқан түпсіз терең,
Қөзіңнен айналайын, алтыным-ай.
Көргенде нұр жүзіңді тасыдым-ай,
Әлемде баға жетпес асылым-ай.
Барасың бірте-бірте сұлуланып,
Көзіңнен айналайын, ғашығым-ай.
Өзіңнен басқа жанды ойлап па адам?
Қашанғы қыдырымпаз бойдақ болам?
Қинамай құшағыңа алшы, құрбым,
Көзіңнен айналайын ойнақтаған.


Пікірлер (1)

Жанайым

Абдрахман Асылбектің Көзіңнен айналайын атты өлеңі ұнады, рахмет

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көзіңнен айналайын өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Көзіңнен айналайын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көзіңнен айналайын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көзіңнен айналайын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері