Мамандығым мақтанышым мендегі – Ардақ Жолдыбаева

Бұл бетте «Мамандығым мақтанышым мендегі» атты Ардақ Жолдыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Асқақ еді бала кезден арманы
Кітап оқып ататұғын таңдары
Тек білсем деп ұмтылатын биікке
Алдыңызда Əділбайдың Ардағы

Қармағыңды тəуекел деп суға салсаң
Құр қалмас бек əрине бос боп қалтаң
Еңбегің еш кетпейді білсең егер
Мақсатың мен арманыңды ойға алсаң
Тектен текке айтпады бұрындары
Мен жастарға сенемін деп Мағжан атам

Адал болсаң ақ киген халатыңа
Қарсы келмес қағатын қанатыңа
Бір күндері дəрежең де көтерілер
Иемденіп жоғарғы санатыңа
Сол кездерде асқақтап кете көрме
Ұстазыңды еске ал ара-тұра

Бұл колледжде бағыт бағдар көрсеткен
Əлия апайым куратор ед алғашқы
Назира мен Дана, Арай апайлар
Балапандай биіктерге самғатты.

Мəлік, Гүлхан сынды ұстаздар
Тарихымның тынысымен жалғатты
Жаһонгир мен Бағлан ағай əлі есте
Білім берген студентке жан жақты

Төлеукүл мен Нышанбектей ұстаздар
Ұқтырады əр сабағын салмақты
Эленора, Сəуле апайым əр кезде
Түсіндіріп түрлі тілде таңғалтты

Ерлан, Есбол секілді ұстаздарым
Біздер үшін əруақытта ардақты
Динара,Лəззат, Нурия апайларым
Талмай, тынбай əділдікті орнатты.

Гаджеттердің неше атасы болса да
Гүлрух апай кітаптары бағалы
Апат болса дайын тұру үшін де
Керек бізге Ақбота апай сабағы

Унзилия мен Шохиста апайларым
Компьютерді бес саусақтар сарнатты
Əр ұстазым дəл осылай өмірін
Жақсылыққа жан аямай арнапты


 Періштесі - көктегі емес жердегі
Дайын тұрар жедел берер жəрдемі
Əр ұстазға айтатыным мың алғыс
Мамандығым мақтанышым-мендегі

Əділбай Ардақ Серікқызы (Ардақ Жолдыбаева)


Пікірлер (1)

Ақжан

Керемет бірак өлені жоқ

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мамандығым мақтанышым мендегі өлеңінің авторы кім?

Ардақ Жолдыбаева — осы өлеңнің авторы.

Мамандығым мақтанышым мендегі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мамандығым мақтанышым мендегі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ардақ Жолдыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мамандығым мақтанышым мендегі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар