Өтелер ме?

Бұл бетте «Өтелер ме?» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Аңсамаймын,
Алмаймын көп өмірді!
Білемін, көп өмірден көрерімді.
Аларымды алған соң, ақысына
Беріп кетсем болғаны берерімді.
Мынау аспан,
Мынау жер мекеніме,
Есеп берер күн туар кетерімде
Тоқсан жасап, жүз жасап неғыламын,
He беремін жүз жылдың өтеуіне.
Өтелер ме жылуы жарық күннің?
Төленер ме қызығы мамық түннің?
Жүз жыл емес, бір жылдың өтеуі жоқ,
Ылаж құрып, мінеки налып тұрмын
Нағып тудың, Анам-ай, нағып тудың?
Күндерімді күйбеңмен жалықтырдым.
Аңсамаймын,
Алмаймын көп өмірді!
Көріп жүрмін онсыз да көрерімді...
Күндер батып, таңдарым атқан сайын,
Күдіктенем, біле алмай не дерімді.


Пікірлер (3)

Айсен

Керемет

Айша

Өлеңдері өте керемет

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өтелер ме? өлеңінің авторы кім?

Мұқағали Мақатаев — осы өлеңнің авторы.

Өтелер ме? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өтелер ме? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мұқағали Мақатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өтелер ме? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері