Ақпан кірген еріне сылқым аттап

Бұл бетте «Ақпан кірген еріне сылқым аттап» атты Дәурен Айманбетов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.11.2020
  • 0
  • 0
  • 767
Қансонарда бүркітші шығады аңға... (Абай)
Шұға десе Шұға еді-ау өзі... (Бейімбет)

Ақпан кірген еріне сылқым аттап,
Қарын үйіп-төгіп сап тым-тым аппақ.
Бұл мезгілде кетуші-ед түлкі қаптап,
Тазысын-ап шал шықты мылтық оқтап.

Құсын ерткен және де, қансонарда,
Бірен-сараң қара жүр, аңшы олар да.
Бүркіттері томаға-тұйықталып,
Іштерінен дайынсып аң саларға.

Ағараңдап төбеде бұлт тұқырып,
Ауа-райы кетердей күрт құтырып.
Оны елейтін қартың жоқ, анда-санда,
Насыбайын қояды шырт түкіріп.

Дүрбісімен қарайды кейде оқталып,
Кейде қамшылатады жүрдек қағып.
Біреу қағып олжасын кететіндей,
Бой көтеріп қояды сұңғақтанып.

Ат тізесі бататын қалың қарлы,
Қансонарда бүркітші шалың нарлы.
Көз тігеді қырдағы белгіге бір,
Есіне алып жігіттік шағын барлық.

Қайран күндер дегендей күрсіне кеп,
Кейде күліп өзді-өзі бір шіренед.
Сағыныштан беймәлім тамшы жасы,
Жанарынан кетердей ыршып ерек.

Өксік қысып, езілер келді шегі,
Қарт та болсын кемсеңді жеңгіш еді.
Шал дегенім баяғы – Әбдірахман,
Әлгі белгі – Шұғаның белгісі еді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақпан кірген еріне сылқым аттап өлеңінің авторы кім?

Дәурен Айманбетов — осы өлеңнің авторы.

Ақпан кірген еріне сылқым аттап өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақпан кірген еріне сылқым аттап өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дәурен Айманбетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақпан кірген еріне сылқым аттап өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері