Қыз деген

Бұл бетте «Қыз деген» атты Дәурен Айманбетов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.11.2020
  • 0
  • 0
  • 3730
Қыз деген гүл - өсетін жүрегінде ердің,
Қызғалдақтай кіргізер реңін жердің!

Қыз деген жыр - сүйдіріп шайыр ететін,
Шабыт сыйлап қайғыңды шайып өтетін!

Қыз деген күн - жылытар, күлімдесе егер,
Жыламаса екен, ешқашан түңілмесе екен!

Қыз деген түн - жұлдызды, айлы аспан жарық,
Періште боп түсіңе жайғасқан барып!

Қыз деген бақ - бір қонар, ұшырып алма,
Қысып ұста уысыңды, түсіріп алма!

Қыз деген пәк - танығай, сүйінішім деп,
Қыз деген ол жаралған сүю үшін тек!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қыз деген өлеңінің авторы кім?

Дәурен Айманбетов — осы өлеңнің авторы.

Қыз деген өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қыз деген өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дәурен Айманбетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қыз деген өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері