Аяулы адам

Бұл бетте «Аяулы адам» атты Дәурен Айманбетов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.11.2020
  • 0
  • 0
  • 2109
Селкеу түссе сенімге бір,
Күй кешеді көңіл небір.
"Адамдардың бәрі – аяулы,
Надандарсыз", – дедің бе өмір?

Дедің бе өмір, құрамы тек,
Мейірімнен тұрады деп?
Аяулы адам – гүл секілді,
Кім көрінген жұлады кеп.

Жігеріңді оят көркем,
Тағдыр кімді аяпты, еркем?
Ақ қар-дағы, заңдылық қой,
Тапталары аяққа ертең.

Жаның күйіп жатса алаңдар,
Бой көрсетпес бәтшағарлар.
Қайғы көрсең, ортақтасар,
Кеміп жатыр жақсы адамдар?

Өкпелеймін бекер, дәйім,
Ұғар кім бар бөтен жайын?
Жақсы адамдар болып жатса,
Беріңдерші мекен-жайын,
Адамдар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аяулы адам өлеңінің авторы кім?

Дәурен Айманбетов — осы өлеңнің авторы.

Аяулы адам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аяулы адам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дәурен Айманбетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аяулы адам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері