Жабайы – Светқали Нұржан

Бұл бетте «Жабайы» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1547
Ой, Жабайы-ай!
Жабайы ғой. Жабайы.
Осы сөзім шықты-ау әнтек анайы...
Абайламай туылса егер Абайы,
Қамшысына түкіреді талайы.
Ой, Жабайы-ай!
Жабайы ғой. Жабайы.
Өзеуреп тұр өңез аққан самайы,
Қабанбайы, Қарасайы батыр да,
Пақыр сынды плотаны мен шабайы.
Ой, Жабайы-ай!
Жабайы ғой. Жабайы.
Бұл-дағы бір әңгіме еді пәнайы.
Сүйегінен қаланғанмен қазақтың,
Қазағына пысқырмайды сарайы.
Ой, Жабайы-ай!
Жабайы ғой. Жабайы.
Көзін ашпас - атқан таңның арайы.
Кесіп қойған басы алтынның үкімін,
Өкшесі — жез, бөкселері — қалайы.
Ой, Жабайы-ай!
Жабайы ғой. Жабайы.
Тауық терген тары тағдыр-талайы.
Алла берген ырзықты бөле алмай,
Алқынады албан, арғын, адайы...
Ой, Жабайы-ай!
Жабайы ғой, жабайы...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жабайы өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Жабайы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жабайы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жабайы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері