Дауыл – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Дауыл» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3093
Таздай сыйпап сортаң менен тақырды,
Көк шалғынды ұйпа-тұйпа жапырды.
Кір-қоқысын жағалауға лақтырып,
Көк теңізді тай қазандай сапырды.
Сай-саладан түк қалдырмай маңдағы,
Баспана іздеп безіп берді қаңбағың.
Құйын болып көтеріліп аспанға,
Қара жолдың қақты біраз шаңдағын.
Көлдің құсын дүрліктіріп,
Шулатып,
Аңшы болып қалың жыныс нуды атып,
Жапырақтың сарысынан жұрдай ғып,
Күзгі орманның кетті қанын тулатып.
Сияқты бір бұғып қалған қырғауыл,
Етек-жеңін жинап алып тұрды ауыл.
Анда-санда алай-дүлей қылатын
Ішіңде де болу керек бір дауыл!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дауыл өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Дауыл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дауыл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дауыл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері