Дидаку жан

Бұл бетте «Дидаку жан» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1160
Өкшесі етігімнің айнала жез,
Айналайын көзіңнен дөңгелек көз.
Екеуміз екі рудың баласы едік,
Қаңбақтай жел аударған болыппыз кез.

Қайырмасы:
Дидаку жан-ай,
Дидаку жан-ай,
Дидаку жан-ай.

Дауысың қоңыр қаздың дауысындай,
Нәзіктігі беліңнің қауырсындай.
Қиядан түлеп ұшқан қыран едім,
Қонақ қыл мекеніңе ауырсынбай.

Шақырдың «келсең кел» деп, ауылыңа,
Жіберейін бір сипат сауырыңа.
Мойныңа ақ білекті арта салсам,
Тигендей болып жүрме жауырыңа.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дидаку жан өлеңінің авторы кім?

Қазақ ауыз әдебиеті — осы өлеңнің авторы.

Дидаку жан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дидаку жан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қазақ ауыз әдебиеті өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дидаку жан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері