Мақаш Тәтімовке арналған мадақ жыры

Бұл бетте «Мақаш Тәтімовке арналған мадақ жыры» атты Қорғанбек Аманжолов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.01.2023
  • 0
  • 0
  • 800
Академиксің, ардақтысың, доктырсың, аға,
Жан-жүрегің жұмсақ,
рухыңмен өткірсің,аға.
Жауырыншы Жүгіней бабаңнан дарыған кие –
Қоржыныңды қомақты қылып, тоқ тұрсың, аға.
Көк көрпе, шіркін, бүлкілдей берсін деп зыр
қаққан аға,
Селдіреген қазақ көбейсінші деп
елден бір ерек үн қатқан аға.
Жалпақ жұртыңның жауырыншысы енді өзің боп,
Санатымызды дүйім дүниеге тыңдатқан аға.
Ұлттың демографиясына үлес қостың
сөзбен де және іспен де,
Не жетсін бүгін Сіздің дастарханда
қуанып, шалқып ішкенге.
Қазақтың ырыс дастарханын ең ұлы Парламент деп,
Парасатпен бұлай, махаббатпен бұлай
айтқан жоқ еді бұрын еш пенде.
Кеше мен бүгін, ертеңімізді зерделеген аға,
Қазақтың әрбір миллиондық сатысына
статист болып өрмелеген аға.
Әлемде қазақ әлемет миллион болды деп,
Қалпағын көкке атып,
Қаламын газеттерде сермелеген аға.
Айтушы ең өзің:
Демография халық туралы ілім деп,
Халқыңа арнап,
сол халқың үшін шырқырап сөз айтқан күнің көп!
Кеңес кезінде шаба алмасаң да кең көсіліп,
Еуропа төсінде арман-мұратың
естіліп тұрыпты-ау дүбірлеп.
Оянған қазақты ойландыру ұлы мұратың,
Саннан – санаға көшіру керек дейсің ұлттың қуатын.
Демографиялық майданда жеңген халқыңды
Қара қазан, сары баласымен қоса сүйетін және
ұғатын...
Ғажап-ақсың! Азаматсың. Алдаспансың.
Өткірсің, аға.
Алаштың даңқы асады әлі деп тұрсың, аға.
Демография – мәңгілік жар боп өзіңе,
Ұзағынан сүйіндіріп,
мұратыңа жеткерсің, аға!
Ал, Мақаш аға,
әрдәйім елменен бірге,
Бажа мен бауыр, жора мен жолдас,
бірге өскен төлменен бірге,
Туыс пен туған, үрім-бұтақпен бірге,
Қосағыңмен қара ағарып
Майра жеңгеммен бірге,
Қазақтың қара шаңырағындағы
үбірлі-шүбірлі төрменен гүлде!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мақаш Тәтімовке арналған мадақ жыры өлеңінің авторы кім?

Қорғанбек Аманжолов — осы өлеңнің авторы.

Мақаш Тәтімовке арналған мадақ жыры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мақаш Тәтімовке арналған мадақ жыры өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қорғанбек Аманжолов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мақаш Тәтімовке арналған мадақ жыры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері