Кішкентай Абайлар

Бұл бетте «Кішкентай Абайлар» атты Қорғанбек Аманжолов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.01.2023
  • 0
  • 0
  • 891
Өмір мынау өкініштен тұрады.
Бір жас ақын ғасыл болған мұрады:
«Сендер мені ұқпайсыңдар, шіркін-ай,
Мен кішкентай Абаймын» деп жылады.
«Мен – кішкентай Абаймын ғой, жарандар,
Менде Абайша жырлайтұғын қалам бар.
Сендер мені ұқпасаңдар – ұқпаңдар,
Ал түбінде ұғатұғын ғалам бар.
Мен – кішкентай, құйттай ғана Абаймын.
Ұқпасаңдар, көңілге мұң жамаймын.
Құйттай Абай жүрегіммен – Абайша
Тантық сөзді тарс ұруға жараймын.
Көкірегім қазірден-ақ көл-теңіз,
Маған көпей сіз жамылған көрпеңіз.
Күл астынан Күн боп шығам мен ертең,
Мейлі, мені бүгін жоқ қып өртеңіз.
Мен емеспін – мәпеленгіш еркеңіз.
Абай – мұхит.
Абай-күйді шертеміз.
Арыстан жал Абай мұхит айдынын
Ағыс қылып аттанамыз ерте біз,
Абай десе толқымайсыз қалай сіз?!
Өлеңіме өмір жоқ қой Абайсыз.
Менің Абай-сезіміме селт етпей,
Мөлдірімді мұң бұлтына орайсыз.
Түсін мені, тілегімді түн етпе,
Абайым бар – құдайым бар жүректе.
Құйттай Абай құйқылжиды ішімде,
Жол беріңдер құйттай Абай-тілекке!»
...Жыла, жыла, Абай-жүрек жас ақын.
Лапылдаған өрт сезімге мас ақын.
Бір алапат жүрегіңде бар сенің
Аруағы Алатаудан асатын.
О, кішкентай, құйттай ғана Абайлар,
Көздеріңде, жүздеріңде арай бар.
Қара өлеңнің құдіретін жасаған
Абай-жырдың асқағына қарай қал.
Сыйынатын Абай-жырдың піріне –
Сендер барда қазақ жыры тірі де!..
Айналайын Абайларым кішкентай,
Айнала бер Абай-бақтың гүліне!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кішкентай Абайлар өлеңінің авторы кім?

Қорғанбек Аманжолов — осы өлеңнің авторы.

Кішкентай Абайлар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кішкентай Абайлар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қорғанбек Аманжолов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кішкентай Абайлар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері