Әйелдерай-әйелдер – Айнұр Байтен

Бұл бетте «Әйелдерай-әйелдер» атты Айнұр Байтен жазған әйел туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Әйелдер -ай әйелдер.
Жүрегіне сыйдырып ап басқаны,
Ері үшін жадырады жас жаны.
Қандай бақыт отбасыда күлімдеп,
Ойда жоқта қонақ келсе сасқаны.
Күлімдейді көңіл бөлсең азырақ,
Шай береді дастарханын жазып ап.
Әйел деген бар тірліктің тынысы,
Бүкіл әлем тұрса дейді жадырап.
Махаббатқа адал болып келеді,
Ерлеріне жан-тәнімен сенеді.
Бағалай біл айналайын ерлерім,
Бағаласаң шын бағаңды біледі.
Жасырмаймыз өтірікті айтамыз,
Қыздарменен қыдырып ән айтамыз.
Ортасынада әңгімелеп әркімді,
Ал өзіміз тап-таза боп қайтамыз.
Шіркін Әйел нәзік жанды жүректі,
Әйелдерсіз ерлеріміз жүдепті.
Аман болсын,адал болсын әйелдер,
Ер дегенім әйелдерді күн етті.
Әйел барда айналамыз гүлденер,
Әйел барда аузымызға ән келер.
Әйелменен бүкіл әлем әдемі,
Әйелдермен жердің беті сәнденер.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әйелдерай-әйелдер өлеңінің авторы кім?

Айнұр Байтен — осы өлеңнің авторы.

Әйелдерай-әйелдер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әйелдерай-әйелдер өлеңі не туралы?

Бұл шығарма әйел туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Әйелдерай-әйелдер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар