Мирон – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Мирон» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1198
Болды бір бай Мирон деген есімді.
Атамадым мен оны керек етіп өлеңге.
Айып емес қалмаса есте егерде.
Жаппай шулап көршілері көсілді,
Болмаса да тіпті дұрыс бұлары.
Сандығында миллион теңге бар десті,
Көк тиын да бермейді екен жанға ешбір.
Жақсы тұрмыс, жақсы атақтан кім әрі?
Өсек кеміп, жету үшін даңққа,
Сөз таратты ол халыққа:
Сенбі сайын жарлыларға ас бермек,
Кім келсе де, төр ұсынып қастерлеп,
Есік ашық енетін.
Ойламаңдар деп шығынға батпай ма?
Қорықпаңдар, сараң да тез тапты айла:
Сенбі сайын босатты кіл қабаған төбетін.
Кедей біткен тоймақ түгіл тамаққа,
Тым-тырақай қашып берді алақтап.
Миронды жұрт шын әулие санаған,
Деді бәрі: «Миронға шаң қонбасын,
Өкінішті – иттері тым қабаған.
Анық ондай болмасың,
Аямайды ол, бөліп ішер соңғы асын».
* * *
Жиі көрем мұндайды:
Үлкен үйге кіре алмай, кілең сыртта қаласың;
Ал, Мирондар итке жауып жаласын,
Өздері опа қылмайды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мирон өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Мирон өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мирон өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мирон өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері