Қарап тұрсам өзім – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Қарап тұрсам өзім» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1726
Ауламыздың iшi
Қызыққандай кiсi:
Былтырғыдай биыл
Бұзаулады сиыр,
Құлындады бие,
Боталады түйе,
Жұмыртқалап тауық,
Қойлар қозы тауып,
Лақтап тұр ешкi...
Ауламызда қарасаң,
Бос жүрген жоқ ешкiм.
Алша ағашта – алша,
Құжынап тұр қанша.
Алма ағашта – алма;
Көк жапырақ – талда;
Қауын салып түйнек,
Бақшамыз тұр гүлдеп.
Шөп шауып жүр атам,
Үй сылап жүр апам...
Қарап тұрса
Көзiм:
Бос жүрген жоқ ешкiм.
Ең ақыры,
Өзiм
Бiр класқа көштiм.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарап тұрсам өзім өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Қарап тұрсам өзім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қарап тұрсам өзім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қарап тұрсам өзім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері