Жағажай – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Жағажай» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1352
Айдын да көкпеңбек,
Шалғын да көкпеңбек.
Қыз, жігіт көптен көп
Кеткен бе көктем боп?
Көңіл де тоқиды,
Көлің де толқиды.
Арулар айдында
Аққу боп шолпиды.
Ақ тәндер – құмақта,
Ақ тәндер – шуақта.
Күлкілер күй болып
Келеді құлаққа.
Көрермен атынан
Қызыққа шақырам.
Осы жер – экран,
Осы жер – сахнаң.
Мұнда жоқ жеке жан,
Мұнда жоқ Бекежан.
Қысылмай көтер ән,
Осы жер – операң.
Қыздырған, әне, күн
Қыздардың ақ етін.
Бұралған бұраң бел
Осы жер – балетің.
Кез емес аяңдар,
Тартынба, таян, бар.
Осында – Жібектер,
Осында – Баяндар.
Көңілді ортаң бар,
Айт, қандай қолқаң бар.
Осында – Аймандар,
Осында – Шолпандар.
Көкжиек құбылтып,
Қадайды нұрын тік.
Алау кеш – антракт,
Мұнар түн – шымылдық.
Айрықша, дара жай –
Осылай жағажай.
Қаныңды желпінтіп,
Қалқиды «Қамажай».


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жағажай өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Жағажай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жағажай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жағажай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері