Перзентхана – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Перзентхана» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2297
Мынау үйді бұрын қалай көрмегем?
Көргенмін ғой, бірақ, көңіл бөлмегем.
Кіріп-шығып, ентелейді ел деген,
Көңіл шалқып, осы жерден өрлеген.
Тым асығыс жанай келіп қақпаны,
Жедел жәрдем машинасы тоқтады.
Осы жерден шын бақытын тапқалы,
Жас келіншек босағадан аттады.
Қабырғаны қармап әлсіз қолдары,
Қиналады – қысқаны да толғағы.
Жан-жағына жаутаңдайды ол тағы,
Аман-есен баурын жазса болғаны.
Бір жігіт кеп терезеге тесіліп,
Сөйлеседі жұбайымен шешіліп.
Ұлды бопты мәртебесін өсіріп,
Шаттанады, мақтанады төс ұрып.
Алаулаған гүлдер шоғын әкеліп,
Тағат таппай, төмен жақтан әперіп,
Тұңғыш рет тынымсыз бір сәт еніп,
Сезінді алғаш шын бақытты әкелік.
Ана бір жан бақытты екен расы:
Бере салған Тәңіріне разы.
Бұрын-дағы бар болатын біразы,
Енді бүгін қос қолда қос мұрасы.
Шын қуаныш десеңізші қаншалық:
Жаңа келген жас ұрпақты жар салып,
Зыр қағады бәйек болып барша жұрт,
Келді өмірге жаңа ұрпақ жар салып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Перзентхана өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Перзентхана өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Перзентхана өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Перзентхана өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері