Қазақ деген

Бұл бетте «Қазақ деген» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.08.2019
  • 0
  • 1
  • 3697
Қазақ деген – батыр халық,
Жерін жауға бермеген.
Әрбір сөзі нақыл халық,
Елін дауға бермеген.
Қазақ деген – ақын халық,
Өлең болып өрілген.
Жақсылыққа жақын халық,
Мейір болып төгілген.
Қазақ деген – әнші халық,
Жүректерді тербеген.
Өнердегі шам-шырағы
Өмірлікке өрлеген.
Қазақ деген – күйші халық,
Саз суырған әлемнен.
Той-думанда биші халық,
Мың бұралған әуенмен.
Қазақ деген – дара халық,
Кең даладай пейілі.
Қазақ деген – дана халық,
Әмбебапты бейімі.
Қазақ деген – жарқын халық,
Жаны жайсаң, көңілді.
Бүкіл әлем жатыр танып,
Бұл күндері елімді.
Қазақ деген – батыр халық,
Жерін жауға бермеген.
Әрбір сөзі нақыл халық,
Елін дауға бермеген.
Қазақ деген – ақын халық,
Өлең болып өрілген.
Жақсылыққа жақын халық,
Мейір болып төгілген.


Пікірлер (1)

Сара

Абдрахман Асылбек жақсы жазушы

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақ деген өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Қазақ деген өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қазақ деген өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қазақ деген өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері