Масалар – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Масалар» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1134
О, жасаған, жасаған,
Қорлық көрдік масадан.
«Сойқан соғыс» бастайды,
Шыға келіп тасадан.
Біреу ойға батады,
Біреу балқып жатады.
Тап сол кезде маздайды
Масалардың шатағы.
Жаралайды тәніңді,
Мазалайды жаныңды.
Кіп-кішкентай болып-ақ,
Сорады кеп қаныңды.
Қас қылғанда сорыңа,
Ілінбейді қолыңа.
Шыбындаған жылқыдай,
Шыжбыңдайсың қорына.
Ұйқыңды да бұзады,
Сиқыңды да бұзады.
Онға бөліп ойыңды,
Тәнің от боп қызады.
О, жасаған, жасаған,
Қорлық көріп масадан,
Теңселесің түн бойы,
Секілді бір мас адам.
Бойыңда бар әл біткен,
Миыңды да мәңгірткен.
Жаман екен қорлану
Кіп-кішкентай жәндіктен.
* * *
Қаламыздың әкімі
Болса-дағы қақылы,
Масаларды жоюға
Жетпей-ақ жүр ақылы.
Болса болды басы аман,
Шықпайды әкім тасадан.
Ойламайды түрлі індет
Тарайды деп масадан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Масалар өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Масалар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Масалар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Масалар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері