Сексеннің сергек тілегі – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Сексеннің сергек тілегі» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Япырмай, сергектік пе, еркектік пе,
Ойлантпай кеткен жастық келместікке.
Тойладық бірге оқыған кенші доспен,
Сексеннің сеңгірінде кездестік те.
Бір тықыр келгеніне иланамын,
Бірақ та бату болмас мұңға қалың.
Қарттыққа қарайлауға уақытым жоқ,
Бітпеген жұмыста ойлап қиналамын.
Сәтсіз күн сылаң қағып шықса алдымнан,
Кезім жоқ сезім билеп із қалдырған.
Немере­шөберелер келеді өсіп,
Жасартып, жүрегімді нұрландырған.
Жол ауыр, ақтайтұғын парыз да көп,
Меңгерді өлең сүйгіш жалғыз ғадет.
Сүрінсем тырысамын білдірмеске,
Артымда баян еткен аңыз да көп.
Сүйемін таулы алқапты шаң шықпаған,
Сұлулық қайда жүрсем таңсық маған.
Шүлдірлеп жаңа шыққан тілді сүйем,
Құдашам бал бергендей аршып маған.
Құмармын жаңалыққа ғаламдағы,
Қамығып, жабықпасын адам жаны.
Жақсылық бастан кетпесін,
Жамандық қуып жетпесін,
Тілеңдер сол тілекті маған­дағы.

16.11.2013.
Жезқазған


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сексеннің сергек тілегі өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Сексеннің сергек тілегі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сексеннің сергек тілегі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сексеннің сергек тілегі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері