Сен едің ғой – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Сен едің ғой» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.11.2021
  • 0
  • 0
  • 1405
Ауыл жаққа құстай ұшып асығам,
Көрсем деймін ақ қайыңдар қасынан.
Сен едің ғой ақ дидарың аңсатып,
Екі көзге көктен жұлдыз тасыған.
Ажарыңнан бір көргенде талдырған,
Нәр алушы ем жасап іштей жан құрбан.
Сен едің ғой құштар етіп құлшынтып,
Ең алғашқы ғашық отын жандырған.
Шақырады артта қалған гүл көктем,
Әсем кештер, айлы таңдар бірге өткен.
Сен едің ғой тал түбінде сайраған,
Таң мезгілде мен естіген бұлбұлым.
Есім шықса жасағанда қыз үгіт,
Қара көзің талмауратты сызылып.
Сен едің ғой, әлі де бір өзіңсің
Қызықтырып, жүрген маған қызығып.

1994


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сен едің ғой өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Сен едің ғой өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сен едің ғой өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сен едің ғой өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері