Өлең, жыр, ақындар

Сырымбеттегі тебіреніс

  • admin
  • 01.01.2025
  • 0
  • 0
  • 462
Жарқ етті, әне, Сырымбет,
Құлагер қуып жетердей,
Ақан сері күлімдеп,
Ақтоты үнсіз өтердей.
Аспаннан тамды ән үзім,
Қарағай, қайың балбырап.
Айтылмай жүрген арызым
Кеудеден шықты ән құрап.
Қоскөлде әнші аққу-қаз,
Секілді қиял-ертегі.
Қосылып бәрі айтып наз,
Сен жайлы сырын шертеді.
Тоғайда тоты мұңданып,
Тамылжып тәтті үн тамды.
Бетіңдей қызыл нұрланып,
Қызара бөртіп гүл жанды.
Көшкен бұлт селдеп өтердей,
Исінді тауға жиылып.
Төгіліп өлең көкейде,
Жаңбырша жаудым құйылып.
Шабытшыл жаны гүлдемей,
Әуреге мені салардай,
Сырымбет тұрды үндемей,
Қасымнан сені таба алмай.

1990



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Дағдарыс жайлы толғаныс

  • 0
  • 0

Бұл – әлемдік дағдарыс,
Орманда жанған өртпен тең.
Есесін таппай бар табыс,
«Барыңды» етер «жоқпен» тең.

Толық

Ұзарады күн ертең торғай адым

  • 0
  • 0

Ұзарады күн ертең торғай адым,
Оранамын мен неге ойға қалың?
Жырдың көбін жүруші ем түнде жазып,
Енді таңнан сәт күтті ойлағаным.

Толық

Қазағымды көбейтейік осылай

  • 0
  • 0

Қазағымды көбейтейік осылай
Жыр жұлдызы «Жезкиігім» – күйлі ағын,
Күйлі ағында тапса шабыт құндағын.
Кәкімбек Салықов

Толық

Басқа да жазбалар