Қозғара мен Махамбет – Лұқпан Сисекенұлы

Бұл бетте «Қозғара мен Махамбет» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1191
Қаншама іздеп қажытқанмен жол атын,
Мен атамның таба алмадым зиратын.
Қай түкпірде қайда қалды белгісіз,
Қансыратып қыран тектес қанатын.
Білетінім халық жауы атанып,
Жазықсыздан қолға түскен аты арып.
Аманатын сыйға тартып кейінге,
Жүрек сырын ұрпағына ақтарып.
Бір түрмеден бір түрмеге асырып,
Оны ұстапты тас түнекте жасырып.
Айырмастан қолындағы кісенін,
Зомбылықтың қара тасын бастырып.
Бекет болып қасиетті ұраны,
Бар жазығы Адай тектен туғаны.
Сүйінқара, Досан батыр, Еснияз,
Кеудедегі күмбірлеген жыр әні.
Сүйе біліп өзі туған халықты,
Мойындамай Совет- деген алыпты.
Дінім өшсе, тілім өшсе кіммін-деп,
Шекседе азап өз ойында қалыпты.!
Өтті жылдар өтті қанша қыспен күз,
Оған деген сағынышым өлшеусіз.
Бабалармен ұқсам жаны бірге жүр,
Жұмақ жақта егер маған сенсеңіз!.
Тастемірден Қалдымерген ұлдары,
Қаратайлап сезем сәлем жолдайды,
Сырым аян қызым қалай десемде,
Туған жерде тоғысады жолдары!
Ата мекен махаббатқа бөленген,
Құшағынан бабам ізін көрем мен.
О, ҚОЗҒАРА, МАХАМБЕТ-деп, дауыстап,
Бір ескерткіш қойдым өшпес өлеңнен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қозғара мен Махамбет өлеңінің авторы кім?

Лұқпан Сисекенұлы — осы өлеңнің авторы.

Қозғара мен Махамбет өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қозғара мен Махамбет өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Лұқпан Сисекенұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қозғара мен Махамбет өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері