Адайдың жүйрік Ақтаны

Бұл бетте «Адайдың жүйрік Ақтаны» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1850
Адайдың жүйрік Ақтаны,
Алты Алаштың мақтаны.
Мәңгілік мұра қалдырған,
Халқымның өшпес отты әні.
Әр сөзі маржан тізілген,
Өнердің шуақ ақ таңы,
Сен десе қалай толғанбас,
Бегалының Лұқпаны?!
Айналайын жан көке,
Атағы мәлім жер көкке.
Биік біткен өресі,
Бір өзі ғасыр жыр көші,
Болмаған дәйім теңдесі.
Әулиелердің елесі.
Келешектің белесі.
Қара жердің кемесі,
Ғұлама ойдың киесі,.
Шақырған елін бірлікке,
Даналардың төресі!
Керуен заман көшінен,
Жарық төгіп құс ілген.
Дария жырын ақтарып,
Үлгі боп ізгі ісімен,
Кең даламның төсінен,
Әруақтардың күшімен,
Самал желдей есілген.
Қарсыласқан қас жауын,
Жай оғындай түсірген.
Қия шауып құзды алған,
Оя шауып мұзды алған,
Айналайын жан баба,
Кетермісің елдің есінен.
Батырлыққа жол бастап,
Ел ішінде жүрсің сен!
Ғасырлардың үнісің,
Өнердегі Пірімсің.
Ұрпағыңның күнісің.
Арулардың гүлісің.
Ақындарға өмірсің,
Асқақ ойдың төрісің,
Қайталанбас ірісің.
Алыптардың ізісің,
Саф алтынның өзісің
Намыс ардың көзісің.,
Ер Қосайдың сөзісің,
Пір Бекет атам жол салған,
Шетсіз-шексіз өріссің!
Көріпкел асыл әулием,
Сүйемін сені сол үшін!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Адайдың жүйрік Ақтаны өлеңінің авторы кім?

Лұқпан Сисекенұлы — осы өлеңнің авторы.

Адайдың жүйрік Ақтаны өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Адайдың жүйрік Ақтаны өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Лұқпан Сисекенұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Адайдың жүйрік Ақтаны өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері