Ақын мен әкім

Бұл бетте «Ақын мен әкім» атты Абдрахман Асылбек жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 24.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1280
Жамбыл облысына қарасты
Ауданына Таластың
Келіпті деп барып ем
Жаңа әкім жарасты.
Жаңа жылдың қарсаңы,
Аз ба әуре-сарсаңы.
Жиналыстан шықты әрең,
Мүмкін, қатты шаршады.
Келіншегім қасымда,
Көңіл шіркін тасуда.
Қызметімен әкімді
Құттықтадым расында.
Қаратаудың қаласы,
Алматы мен арасы
Жеті жүздей шақырым
Болып қалар шамасы.
Біраз ұзақ жол еді,
Жеткеніміз сол еді,
Досан мырза сараң ба?
Шәй ішіңіз демеді.
Жаңа жылдың алды деп,
Жеңгей келіп қалды деп,
Ұсынбады конфет те,
Көңіл қатты қалды тек.
Қонақ келсе, шат күліп,
Күткен қазақ тақ тұрып.
Үйге жылан кірсе де,
Шығаратын ақ құйып.
Қайда жақсы салтымыз?
Кең пейілді дәрпіміз?
Сыйластықты ұмытсақ,
Кім болады халқымыз?
Ел сыйына сай қонақ,
Емес ем ғой жай қонақ.
Неге аудан әкімі
Жүз танытты тайғанақ?
Тыным таппай күн-түні,
Жырлап жүрген жұрт үнін,
Баласы ем ғой белгілі
Бүкіл қазақ жұртының.
Талас туған жерім ғой,
Талас думан елім ғой.
Ел мен жердің мен де бір
Азаматы едім ғой.
Болса болар әкімің
Жүзіндей-ақ бәкінің.
Туған елдің есінде
Қалар мәңгі ақының.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақын мен әкім өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Ақын мен әкім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақын мен әкім өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ақын мен әкім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері