Сол бір ән

Бұл бетте «Сол бір ән» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.04.2022
  • 0
  • 0
  • 1039
Сөйле-сөйле, сұлу сазды Домбырам,
Екеумізді тоғыстырған сол бір ән,
Сол әнменен әсем көлде жүздіріп
Аққуымды айдыныма қондырам.
Армандарға қол ұстасып
жетелік,
Үміттерді биік шыңға көтеріп.
Екеумізді таныстырған сол бір ән,
Сол бір әнді
бірге шырқап өтелік.
Әуен-сазда, қазына кең, мол мұрам,
Екеумізді тоғыстырған сол бір ән.
Жүректерді жалын отпен жылытып,
Сөйле-сөйле,
сұлу сазды, Домбырам.
Сөйле-сөйле
сұлу сазды, домбырам,
Сені мәңгі жүрегіме қондырам.
Әуенінде әсем сазбен мұң толы,
Екеумізді тоғыстырған сол бір ән.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сол бір ән өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Сол бір ән өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сол бір ән өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шөмішбай Сариев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сол бір ән өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері