Менің де күнім туады – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Менің де күнім туады» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2055
Күнім де менің туады,
Төгілер шапақ шуағы.
Түсінбей мені жүргендер
Құшағын ашап тұрады.
Күнім де менің келеді,
Алтынды нұрын төгеді.
Суысып менен жүргендер
Сәлемін ыстық береді.
Болайын тірі, мейлі өлі,
Өшірмес өмір бейнемді.
Жырымды оқып өлмейтін,
Есінде сақтар ел мені.
Қиындық не бір көрсем де,
Азапқа ауыр көнсем де,
Мазаққа ешбір төзбеспін,
Елім деп өлем өлсем де.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Менің де күнім туады өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Менің де күнім туады өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Менің де күнім туады өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Менің де күнім туады өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері