Ойға кеттім – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Ойға кеттім» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1332
Ойға кеттім өзімді тексеріп көп,
Оңай емес керуен көшке ілікпек.
Жүрер ме екем еленіп ел аузында?
Қалам ба әлде елеусіз естелік боп?
Кім кетпейді, өмірге кімдер келіп?
Бара жатыр зымырап күндер кеміп.
Кімге керек бүгінгі мақтанышың,
Қарсы алмаса құрметті күндер келіп?
Өзіңді өзің мадақтау жарамайды,
Жарамсақтар ағайын жағалайды.
Сенің ерен жасаған еңбегіңді
Уақыт пен ел ғана бағалайды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ойға кеттім өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Ойға кеттім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ойға кеттім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ойға кеттім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері