Тоған мен өзен – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Тоған мен өзен» атты Абдрахман Асылбек жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1583
«Бұл не? – деді Тоған бірде Өзенге, –
Тоқтамайсың, ағасың,
Солай барлық кезеңде;
Сіңілім-ау, сен қашан тыным аласың?
Түк емес-ау күні-түні аққаның,
Көтересің кемелердің батпанын.
Неше түрлі салдар жүзіп жатады,
Қайықтарды айтпағанда жай бұдан.
Ондай өмір сүргенімше қапалы,
Өлер ем мен қайғыдан.
Сендей емес, менің еншім сапалы,
Алайда жоқ атағым,
Картада да жатқаным жоқ сызылып,
Әншілер де мақтамайды үзіліп.
Бірақ, бәрі бекерлік,
Жағам менің жасыл құрақ – жайлаудай,
Тонға оранған байлардай,
Жан рахат бір басыма жетерлік.
Кеме түгіл қайық та
Желкен жайып па?
Қорқынышты еш нәрсе жоқ, тыныштық:
Ауырлықты білмеймін де мен әлі;
Естілмейді дыбыс түк,
Анда-санда соққан самал шамалы
Жапырақты бетіме әкеп жабады.
Не алмастырмақ мұндай бейқам өмірді?
Жел соқса да, бүлк етпестен жатамын,
Шолып мынау мазасы жоқ өңірді,
Пәлсапаға батамын».
«Білемісің пәлсапаның қаталын? –
Деді Өзен қатып тіл, –
Қозғалыста тіршілік тұр, бақыт тұр.
Менің өзен болуым,
Толуым да бір тынбаудан, соны ұғын,
Еңбегіме сенемін.
Мол суыммен әр жылда
Нәр беріп ой, әр қырға,
Құрметтеліп, сыйлы болып келемін.
Мүмкін, әлі талай ғасыр ағармын;
Ал, бір күні тартылсаң,
Сені есіне алар кім?»
Шындығы сол – ақты өзен қалпынша;
Сорлы Тоған жылдан-жылға алқынды,
Шалқарлы су шалғынды
Шалшық болып балдырлы,
Ақырында тартылды.
* * *
Көпшіліктің кәдесіне аспаса,
Талантың да тозады.
Адамың да азады,
Жалқаулығы жайлап жеңе бастаса.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тоған мен өзен өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Тоған мен өзен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тоған мен өзен өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Тоған мен өзен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері