Өлең, жыр, ақындар

Мұңға батамын

  • 17.06.2022
  • 0
  • 0
  • 862
Неткен қатал ең, Адамдар?!
Өздерiңе деген
Көлдей көңiлiмдi
Судай суалтып
Құм қылып жiбересiң.
Отқа жағатын секiлдi
Қабырғаларымды
Ағаштың
бұтақтарындай бұтарлап
Сындырып жiбересiң.
Өзiңнен өзiң тұлданып
Шалаңды шашып,
От күреп жатасың.
Менде өшiң кеткендей
Ауызы буылған қапқа тығып
Тепкiлеп жатасың.
Жығылсам –
Мәз болып қарап тұрасың.
Атып жiберердей
Өңмеңiме
Сұқ саусағыңды –
Пистолет сияқты! –
Қадап тұрасың.
Құрған торыңа шырматылып
Арпалысып жатамын.
Мұңға батамын...
Не iстесең, ол iсте!
Тек әйтеуiр
Өзiмдi өзiм
Құртып алмасам болды.
Көрер көзiмдi
Ағызып жiбермей,
Сөйлер тiлiмдi
Қырқып алмасаң болды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жалғыз ағаш

  • 0
  • 0

Апыр-ау,
Неткен қуат,
Неткен қайрат бұл!
Діңгегі отау үйдей,

Толық

Шырақ

  • 0
  • 0

Осы бір құбылысқа
Ежелден қанықпын:
Жанымның
Алыс бір түкпірінде —

Толық

Күрес

  • 0
  • 0

Бiр-бiрiне шүйлiгiп
жарқ-жүрқ етiп әзiл де,
тойдың әбден ширығып
қызып түрған кезiнде,

Толық

Қарап көріңіз