Әппақ жолды аңсағанмен, ізсіз жүруге үйренбедік – Қалампыр Кенжеғалиева

Бұл бетте «Әппақ жолды аңсағанмен, ізсіз жүруге үйренбедік» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 751
Әппақ жолды аңсағанмен, ізсіз жүруге үйренбедік,
Сайрап жатқан із барында білгішсініп сүйреңдедік,
Ізге сеніп жолға шықсақ - сүрлеу жатса соқпағы анық,
Бағыт таңдап алдық досым, тоқтамалық, тоқтамалық.
Бізге дейін керуен көшкен, тұрмайықшы жоққа налып.
Басын жерден көтермейтін тірелгенше отқа барып,
Айырмамыз төрт аяқтан – екі аяқты демесеңіз,
Ұмытпайық әр кәллада бұйда, жүген, ноқта барын...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері