Азынап жел соғар арқадан – Қалампыр Кенжеғалиева

Бұл бетте «Азынап жел соғар арқадан» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 966
Азынап жел соғар арқадан,
Қалтырап, көңіл де сарқады ән!
Жынойнақ секілді ойранмын,
Таң ата көп пері тарқаған.
Тұтанбас кезімде от алдым,
Азғантай дәрменім оталды!
Сілімтік сүйретіп сұлбамды,
Көз жасын кеудемнен қотардым!
Шөліркеп, жан сусап, қаталап
Көп алып қойдым-ау, көзеңнен.
Киелім, өлең-жыр, жетеле,
Тыныштық әлемнен тымырсық,
безерген.
Еркіммен безем мен!!!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері