Өлең, жыр, ақындар

Қаражал толқын

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 648
Көкшулан толқын, қара ала жалды,
Жалынан үрей ұшырған!
Қасқайып келер қара нар кеме
Жан тыныштығынан ұшынған!
Қаражал толқын, аудармай қоймас, аудармай,
Қаражал толқын, араның қойды-ау, бір тоймай!
Дауылдың күші, теңіздің түсі – ымыраласқан айлапат,
Төңкермей қоймас, өңгермей қоймас –
Тайталас!
...Қасқайып қасқа маңдайы тасқа,
шағылмай тынбас өршілдің,
Қаражал толқын, бағытын, сірә
тойтара алмадың, күрсіндің!!!
Арынды екпін – сөз дауыл тұрған
алақұйында алқынған
Шабытым қалмас
дауылдан сәттік салқындап!
Күн шықса, дүлей екпінім
шуаққа жылап бас ұрар.
Жеңе алмас дауыл, алапат шайқас егесіп,
Жеңеді, жеңсе – жырыммен шуақ теңесіп!
Тулай бер, тула, аяныш саған жараспас,
Бұлқыныс күштің тымық кешуі –
бір сәттік демнен әрі аспас.
Қаражал толқын жыр-өлең,
Иіріміңе алсаң, сенімен ешкім таласпас!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Дәмелі көңіл әлемі

  • 0
  • 0

Түсіпті тасқа тілік,
Тасжарған гүл жарса екен!
Сүлделеп қасқа тірлік
Тағы да күл-пәрше әлем!

Толық

Амазондықтар шеруі – аманат

  • 0
  • 0

Орман жатыр оталып, алаңқайлар кеңейіп,
Табиғатты санайтын «жоқтаушысыз өгей ұл»,
Мұң-мұқтажы бітпейтін тойымсыз көз,
ұры - аты,

Толық

Ақын рухымен сырласу

  • 0
  • 0

Ашық алаң, әппақ қардың үстінде
арман толы жүректерді нұр шалып,
сенің жырың – «...Елім менің...» екпіндеп,
жігер жанып жеткен жоқ па еді жеңіске

Толық

Қарап көріңіз