Кім бөтен? – Қалампыр Кенжеғалиева

Бұл бетте «Кім бөтен?» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 1033
Әйтеуір, біреуміз бөтенбіз,
Қайсымыз сыр берер екенбіз
Әзірге тастаймыз, бекембіз...
Тоғыспай тұрса жол, не етерміз
Жөн тауып, біріміз кетерміз,
Несіне жолықтық екеуміз?
Сыналмақ сынаққа түскенбіз,
Тағдырдан емеспіз үстем біз
Анығы – Алладан рахым күткенбіз.
Жыр жазып баладай жарыстық,
Ғажап бір тілекпен табыстық,
Табыстық бір күшпен ғарыштық...
Алайда, біріміз бөтенбіз,
Дәл қашан сыр берер екенбіз
Әзірге тастаймыз, бекембіз...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері