Көңілде көп қой

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 04.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1836
Көңілде көп қой ой да, алаңым да,
Өзіндік әуен жатыр әр ағында.
Жасың емес өртеген өзегіңді,
Жанайын ұшқын болып жанарында.
Қалайын ажарында әрің болып,
Қалмайын шертілмес зарың болып,
Қалайын жылдар сенің толқынында
Кеудеде арман атты көл тұнуда.
Тайпалған қара жолда жорғадайын,
Төгілейін әнің боп, сорғалайын.
Толқиын, толықсиын тотыдайын
Тоқтамай, толастамай толғанайын.
Саяңда сайғағың боп көсілейін,
Самалың боп керімсал есілейін.
Сен болсаң сыр сандығым, ей, дүние,
Өзіңе сыр ақтарып шешілейін.
Маңдайға біткен титтей мең болайын,
Тасыған, тасқындаған сең болайын,
Шалқалап жатқан шалқар айдыныңа,
Аққу боп тұнығыңа мен қонайын.
Асықпа, абдырама, саспа, жаным,
Бастасын әсем дүние асқақ әнін.
Сілтейін, сімірейін шөлім қанып,
Толтырсын кәусарына тостағанын.
Семсердейін жарқылдап қараңғыда,
Сергітейін салды да, сараңды да.
Лестірейін қасыма нөкер етіп,
Қайда әлгі сұлу дүние, таранды ма.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көңілде көп қой өлеңінің авторы кім?

Марфуға Айтқожина — осы өлеңнің авторы.

Көңілде көп қой өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Көңілде көп қой өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Марфуға Айтқожина өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көңілде көп қой өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері