Қалай өмір сүргенмін – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Қалай өмір сүргенмін» атты Қасымхан Бегманов жазған өмір туралы өлең берілген.

  • 28.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1266
Көре алмадым ауылымның таңдары,
Жарқырайды түнгі қала шамдары.
Қарап тұрып келбетіне қаланың,
Қиялыммен туған жерге барамын.
Бір ұлы едім күні кеше даланың,
Тұрғыны боп қалдық шулы қаланың.
Жата қалып суын ішкен асыға,
Бара алмадым қоңыр бұлақ басына.
Жағасында сауық-сайран құратын,
Сұлу сәуле суға түсіп тұратын.
Қыз шығатын күн батқанда ұрланып,
Бұлақ жаққа қайтатынбыз бір барып.
Жағасында жататұғын інгеннің,
Көзіндегі жатқан мұңды білгенмін.
Қатты ауыртты-ау жүрегімді тілген мұң,
Мына иттердің арасында үрген мың.
Сол шақтарда ойнағанмын, күлгенмін,
...Туған елсіз қалай өмір сүргенмін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері