Өлең, жыр, ақындар

Мырзалардан көшесінде қаланың

  • 21.02.2021
  • 0
  • 0
  • 505
От еврея и до китайца,
Проходимец и джентельмен.
Все в единой графе считаются
Одинакова – business men.
Есенин

Мырзалардан көшесінде қаланың,
Ине шаншар орын таппай
Қаламын.
Мистер Проктор «Анкараға» кеп түсті,
Жайлап жатып,
Шайқап ішті шалабын.
Таңдап тауып,
Алматының жалабын,
Қырнап сөйлеп,
Әзіл айтты тамағын.
«Миссис Надя» деп қояды қомпайтып,
Жаңа сыйлық
Әзірлейді жаңа күн.
Бейім көңіл білдіргендей
Бекемдік,
Бір апталық болып жатыр «некең» құт.
Халықаралық қатысты да
Биржаға,
Қайтты еліне
Аз аялдап шетелдік.
Көп әкетті бірақ жұрттың
Ырысын,
Жаза алмадым
Маңдайымның құрысын.
Нью-Йорк насырымды қасиды,
Бежін болса қазақ үшін ұлы сын.
Агенттер ағылуда
Тұс-тұстан,
Халқым менің қанжілік боп,
Қыс қысқан.
Компаниялар жұтып қойып
Жүрмесін,
Момын жұртым, рухыңды мықты ұстан!
Байшыкештер жасамайды-ау
Байламын,
Тоғанақтар неше түрлі айланың,
Түрін тапты.
Үркеппелеу пенденің,
Жаулап алды
Мұнайы бар аймағын.
«Шевронның» шеңгелінде
«Шалқыдық»,
Сандалысты халық алды салты ғып.
Сен де буржуй, мен де буржуй
Дүрегей,
«Тақ тисе...» деп, айдаладан тантыдық.
Несиелер келіп жатыр
Әлемдік,
Қағанақтан шықпай жатып,
Бәле емдік.
Жең ұшымен жалғасып ап,
Жеті бас,
Ағасынан
Айтты аманат сәлем ғып.
Корпорация
Алды содан бопыр «көк»,
Офисында болып жатты
Топыр көп.
Қайыршылық күйде жүріп
Соларды,
Күнде көрдім
Қалғыр көзім соқыр боп.
... Миссис Ритти келді бір күн
Тым кербез,
Ол ханшамен болады екен
Кімдер кез?
Аш жатқанда бұратылып Кең Далам,
Жүз мың доллар аударыпты
Дым бермес.
Іш кірнесі жұлып жеді
Жұрынды,
Бейіш сынды көрінеді бұрынғы.
Абрамның айласынан
Аса алмай,
Жүрміз біздер төсеніш қып,
Құрымды.
Алтын сандық
Ал астымда жатқаны,
Шамаң жетсе,
Кілті қайда?
Тап, қані!
business men бөліп ішіп,
Ырысты,
Қасиетті –
Көң етікпен таптады.
... Мырзалардан көшесінде қаланың,
Ине шаншар орын таппай
Наламын.
«Чтобы без wisku и miss»
Болмайды,
Қуанып жүр
Ал, Алматы, жалабың...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қыз жүрегі – төзімді тамсанамын,

  • 0
  • 0

Қыз жүрегі – төзімді тамсанамын,
Жатар онда сағыныш, қаншама мұң.
Пәктігімен бағалы ақтығымен,
Түспесе деп бір кірбің жан саламын.

Толық

Алты қанат керіліп, керегелер

  • 0
  • 0

Алты қанат керіліп, керегелер,
Шаңыраққа шашылды уық келіп.
Кенересі көмілсе терең егер,
Керек емес жауыннан күдіктеніп.

Толық

Қарасора

  • 0
  • 1

Бозарыпсың боз дала нала сора,
Бетегең де тыныпты аласара.
Зеңгітетін басыңды бейуақыт,
Кеткенге ұқсайд көбейіп қарасора.

Толық

Қарап көріңіз