Жарқыраған шаңырақтай шамдалдар – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Жарқыраған шаңырақтай шамдалдар» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.02.2021
  • 0
  • 0
  • 684
Жарқыраған шаңырақтай шамдалдар,
Әшекеймен әдіптелген
Заңғар «Бар».
Күңгірт тірлік,
Әуені ептеп төгілген,
Отырды ішіп,
Салқын сыра
Тарландар.
Келесі бір бөлмесі бар безенген,
Өтіп кеткен мына шындық,
Кезеңнен.
Шаһризада ертегісі түк емес,
Ханшайымдар тыр жалаңаш ...
Көз өлген.
Бильярдты сойып жатыр,
Соқталдар,
Тесік қуып кетеді тас
Соққанда әр.
Құйымырлар асылады қылымсып,
Оларыңда
Ынсап ныспы жоқ таңдар.
Қысылатын, именетін жоқ қарлар.
Бұрқ еткізер қолындағы
Сигарын,
Кеткен қаша-а-ан,
Араласып ми, қарын.
Әлгілерге заң болады
Бұлжымай,
Бір ауыз сөз жігіт айтқан ұйғарым.
Іштім виски
Қалжыраған күйменен,
Көре-көре көргенсізді
Күйген ем.
... Кесіп алып,
Айуанның бастарын,
Тас орнына соқса шіркін,
Кименен.
... Қоғам біздің, шалғайыңды түймелен ...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері