Жалпақ жұртты жасытып, жайтаң қағып – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Жалпақ жұртты жасытып, жайтаң қағып» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.02.2021
  • 0
  • 0
  • 694
Жалпақ жұртты жасытып, жайтаң қағып,
Шығып алып, мінбеден айқайладық.
Кеңселерде кербезсіп, кейкиеміз,
Көшелерде көк тіреп, қайқаңдадық.
Көңіл-күйді тастайды қала қамап,
Сыймай жүрдік әуелі далаға абат.
Тойға барсаң құтты төр өзіңдікі,
Көкпар тартсаң – астыңда қалаған ат.
Еркеледің әйтеуір мансабыңмен,
Құрмет көрдің …
Білмеймін қанша,
Кімнен?
Ызы-қию шулатып, көп машина,
Салып жүрсің сайранды сал шағыңмен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері