Жаздың бір әсем кешінде – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Жаздың бір әсем кешінде» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.02.2016
  • 0
  • 3
  • 5693
Жаздың бір әсем кешінде,
Сарыағаш бағы есімде.
Дірілдеп аппақ саусағың,
Келе алмай тұрдың шешімге.
Хабарласпадың, арайлым,
Почтаға күнде караймын.
Елігім едің сен менің,
Еркесі едің Бабайдың*.
Жылуыменен хаттардың
Алматы жаққа аттандым.
Қинады мені, қинады,
Жанарындағы жатқан мұң.
Жырменен жолдар астасып,
Вагондар, сырлас досқа асық.
Тамбурда кеттім егіліп,
Түркістан қалды қоштасып...


Пікірлер (3)

Индира

Ақын мырзамыз өлеңдеріңіз керемет.беріліп оқып отырып,кешкі астың тұзын көп салып қойыппын.

нургуль

олендери жаксы, бир сухатында бергенде, айтылган соз, мен катты ойландырды

Анар Рахымжанова

Жақсы өлең, ұнады.

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері