Толқыдым – Қалампыр Кенжеғалиева

Бұл бетте «Толқыдым» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 747
Толқытып кеттің жүректі,
Жадырап жаным гүл екті.
Маржанын сүзіп тереңнен
Інжуін ойлар түлетті.
Жүдеулеу жаным жасарып,
Құлпырып кеттім жасанып.
Адалдан берген жан досым,
Асудан бірге асалық!
Арманға толы жүрегің,
Ортаймас тілек арнасы.
Амандығыңды тіледім,
Жақсының нұры жалғассын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері