Қазақы біздің тірлік – Қалампыр Кенжеғалиева

Бұл бетте «Қазақы біздің тірлік» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 561
Шыбын тірлік секілді ызың тірлік,
Базардағы қазақы біздің тірлік,
Өзге түгіл, өзің де жиіркенетін...
Құрып кеткір «тірліктің» аузын ұрдық!
Арба сүйреп көтерем ұл келеді,
Қытай «қожа» жартымсыз пұл береді,
«Кіреші» боп ырғалып, тең тиелген,
Темір арба сүйреген құл келеді.
Арба сүйреп жанығып ұл келеді,
Қожайыны қаталдау дүңген еді,
Тең жартысын келіскен теңгесінің
Жымқырып қап, миықтан күлген еді...
Палуан қазақ құйқасын сыпырғандар,
Күш атасы қазақтан ұтылғандар!
Шығыстағы мимырттар, сығырайған,
Арбакешке кенеліп «құтырғандар».
Тегі қазақ – базарда ұтылғандар!!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері