Сен болып қараймын өмірге – Қалампыр Кенжеғалиева

Бұл бетте «Сен болып қараймын өмірге» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 752
Сен болып қараймын өмірге,
Еш кірбің алмаймын көңілге,
Пікірім, ойым да, жобам да
Тоғысқан өзіңмен тоғандай,
Тобаммен келемін жоғалмай...
Қап қойдым артыңда, обал-ай,
Аптығып жүрегім соғады-ай!
Жабайы қабанға қақпан сап
Аңшы-өмір жапырған қоғадай,
Обал-ай!
Тірімін, әттең-ай, тірімін,
Өлмейтін сірінің бірімін!
Өмірдің тәлімін-сабағын,
Талқаным біткенше алармын...
Содан соң барармын, барармын...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері