Өлара шақ – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Өлара шақ» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.06.2022
  • 0
  • 0
  • 943
Өлара шақ
Менiмен – әлi де –
Алысамын деп тұр.
Дүние,
Не анда жоқ,
Не мұнда жоқ
Әрi-сәрi боп тұр.
Санам – құрт жалағандай –
Iрiң бүгiн.
Iшiм ит талағандай
Жұлым-жұлым.
Дұрыс дегенiм
Бұрыс болып тұр.
Тыныш дегенiм
Ұрыс болып тұр.
Айнала –
Бұлың-бұлың,
Ырың-жырың.
Аспанға қарап ем,
Аспанның түндiгiнде –
Ай жоқ.
Жiлiгiмдi
Шағып қарап ем,
Жiлiгiмде –
Май жоқ.
Өлара шақ.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері