Ырғақты – Әсет Найманбайұлы

Бұл бетте «Ырғақты» атты Әсет Найманбайұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.05.2019
  • 0
  • 0
  • 3176
Ақ тұйғын құс қолымда зыр қақты ма,
Басып-басып алайын “Ырғақтыма”.
Бозбала, саған айтар өсиетім:
Жақын жүр әлпештеген ардақтыға.

Е-ей, өтеді-ай жалған-ай, шіркін,
Арманменен!

Жанып тұрған жас өмір – алқызыл гүл,
Сипаттауға қызығын жетпейді тіл.
Жауқазын желбіреген – жастық шағың,
Өмірдің мағынасын түсіне біл!

Е-ей, өтеді-ай жалған-ай, шіркін,
Арманменен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері